АЙТ НАМАЗЫ МЕШІТТЕРДЕ ОҚЫЛМАЙДЫ

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы төтенше жағдайға байланысты ораза айт мейрамын өткізу туралы мәлімдеме жасады. 

 Ораза айт мерекесі – бір ай бойы шынайы ықыласпен ораза ұстап, әр күнін жақсылық жасаумен өткізген адамның құрметке, марапатқа ие болатын кезі. Ислам дінінде кез келген мереке ғибадатпен бастау алады. Шариғатымыз бойынша айт намазын жамағатпен оқу – уәжіп. Алайда, биылғы ораза айт намазы еліміздегі карантин жағдайына байланысты мешіттерде жамағатпен өткізілмейді. Ханафи мәзһабы бойынша айт намазын үйде жеке оқу дұрыс емес – делінген мәлімдемеде.

Бірақ, айт күні күн найза бойы көтерілгеннен кейін әркім өз үйінде екі немесе төрт ракағат нәпіл (дұха) намазын жеке оқи алады.

Оны төрт ракағат етіп оқу – абзал. Абдулла ибн Масғуд (Алла одан разы болсын): “Айт намазын оқи алмаған адам төрт ракағат намаз оқиды. Бірінші ракағатта “Фатиха” сүресінен кейін “Сәббихисмә раббикәл-ағлаа”, екінші ракағатта “Уәш-шәмси уә духааһәә”, үшінші ракағатта “Уәл-ләйли изаа яғшаа”, төртінші ракағатта “Уад-духаа” сүрелерін оқиды”, – деген. Ал аталмыш сүрелерді жатқа білмейтін кісілер басқа да сүрелерді оқыса болады. Айт күні сәресін ішпейді, күндіз аузы ашық болады. Өйткені, хадисте: “Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза және құрбан айт күндері ораза ұстауға тыйым салатын” делінген – дейді діндәрлар.\

Елдегі коронавирус індетіне байланысты, карантин жарияланған уақыттан бастап мешіттер жұмысын тоқтатып, Ораза кезінде пітір-садақа онлайн берілді.  Тек 18 мамырдан бастап есігін аша бастады, бірақ барған адамдардың 15 минуттан артық отыруына болмайды.  Осыған дейін Қадір түнінде де мешіттер жабық тұрған еді.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР