ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛДЫ ӘЗІРЛЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Агенттік пен ҰКП «Атамекен» жер учаскелерін ұсыну кезінде жергілікті атқарушы органдар мен табиғи монополиялар субъектілерінің ақпараттық жүйелерін пайдалану бойынша бірлесіп жүргізген талдау жұмыстары жергілікті атқарушы органдар интернет-ресурстарына толық емес және шашыраңқы ақпаратты орналастыратынын көрсетті. Осындай жабықтық сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін құрайды. Осындай кемшіліктер Жамбыл облысында да анықталған.

Осыған орай ағымдағы жылдың 20 мамырында Департаменттің бастауымен өңірлік кәсіпкерлер палатасының базасында Департаменттің бірінші орынбасары, Тараз қаласы әкімінің орынбасары, сәулет, жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, Жерді пайдалану инспекциясы басқармасының басшысы, коммуналдық қызмет өкілдерінің жәна т.б. қатысуымен Тараз қаласында толығымен жұмыс жасайтын, заманауи геоақпараттық порталды орнату мәселесі талқыланды.

Аталған мәселе бойынша ТОО «КазГиса» және ТОО «SunriseHub» компаниялары презентация жасап, олармен бізідң өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып жиынға қатысушылардың барлығы геоақпараттық порталды әзірлеу мәселесін ақылдасты.

Қазіргі таңда Мемлекеттік қала құрылысы кадастры РМК Жамбыл филиалы Тараз қаласының электрондық ақпараттық базасын құру бойынша Тараз қаласы аумағының жер асты және жер үсту инжинерлік желілерін түгендеу бойынша 1:500 маштабтағы жұмыс атқаруда. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша түзілген Мемлекеттік қала құрылысы кадастыры ақпараттық базасы Тараз қаласы аумағына дайындалатын геоакпараттық порталдың құрамына интеграцияланатын болады. Аталған мәселе бойынша мекеме тарапынан біріңғай инфроқұрылым ақпараттық базасының геоакпараттық платформасы әзірленіп жатқандығын мекеме басшысы айтып кетті.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР