ЖОЛ САПАСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

«Жамбыл – адалдық алаңы» ЖО «Сапалы жол» жобасы аясында жыл басынан бері 18 іс-шара ұйымдастырылып, 14 кемшілік анықталып, оның 7-і қайта қалпына келтірілді. Бірнеше автомобиль жолдары бойынша жағдай бақылауға алынды.

Атап айтқанда:
Тараз қаласы, Абай көшесіндегі (Қапал мен Көшеней көшелерінің арасы) автомобиль жолының қайта қалпына келтіру жұмыстарына (М2 жылу магистралі) мониторинг жүргізілді. Мониторинг нәтижесінде жолдың негізгі қабаты мен асфальт төсенішінің бірінші қабаты арасына және ескі асфальт пен жаңа асфальттың ортасына сұйық битум құйылмағаны анықталды. 3 тонналық каток қолданған. Жөндеу жұмыстары техникалық бақылаушының бақылауынсыз жүргізілген. Сонымен қатар, Жамбыл облыстық Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының мамандары асфальттың құрамын зерделеу үшін сынамасын алды. Лабороториялық зерттеу нәтижесі көрсеткендей асфальттың құрамы стандартқа сәйкес келмейді.

М2 жылу магистралінің құрылысы жүргізілген Қойгелді көшесінде де бірқатар кемшіліктер анықталды. Мәселен кромкалары кесілмеген, битум жағылмай кеткен жерлер бар, 3 тонналық тротуарный катокпен тегістеуде, ол жерде кемінде 8-10 тонналық каток болу керек, сонымен қатар ұсақ құрамдастарсыз 30-120 фракцияларының жарамсыз қиыршық тас материалы қолданылған.
Тараз қаласы, Марау ана көшесіндегі автомобиль жолының қайта қалпына келтіру жұмыстарына жүргізілген мониторинг нәтижесінде жол үстіне шөп шыққан, жол бүлінген, ортасы жарылып, қайта ойылып, шұңқырға айналған. Марау ана мен Майлықожа көшелері осындай жағдайда тұр. Көше тұрғындарының айтуынша, 2019 жылдың қараша айында төселген жол сапасыз, асфальт құрамы күмән тудырады.

Сондай-ақ, кәріз, ауыз су құбырларын көріп тұрса да үстінен асфальт жабындысын төсеп кеткен. Бірнеше ескертуден кейін кәріз, ауыз су құбырларының қақпасын ашып, жөндеп берді. Алайда жолдың түсіп кеткен жерлерін қалпына келтіру жұмыстары әлі күнге дейін біткен жоқ. Бұдан кейін Шестокович көшесіндегі ағымдағы жөндеу жұмыстарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мамандардың айтуынша грунт, битум қолданбаған. Соның кесірінен 1 метрге жуық жамау жолы жауын-шашын болса шашылып кетеді деген қауіп бар.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР