ЖҮЙЕЛЕНБЕГЕН ЖҮК ТАСЫМАЛЫ

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Арнайы мониторингтік топ өкілдеріағымдағы жылдың мамыр айында ” теміржол жүк тасымалы саласына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында жүк жөнелтушілер мен ҚТЖ ҰК АҚ қызметкерлерінен жүк тасымалдаушылар тарапынан көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы сұрастырылды.

Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта барлық жүк тасымалдарын рәсімдеу электронды форматта жүзеге асырылады. Жүк жөнелтушілер КБД БАЖ арқылы интернет арқылы жүк тасымалдауды өтінім беріп, тасымалдау құжатын ресімдеп, тасымалдау үшін алдын ала тарифті есептей алады.

Қазіргі уақытта жүйеде компанияның 30 мыңнан астам клиенті және жүк станциясының 5000-нан астам қызметкері тіркелген және жұмыс істейді.Көлік-логистикалық кешенді цифрландыру тасымалдарды ұйымдастыру процестерінің ашықтығын қамтамасыз етеді (бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің дәрежесін айтарлықтай төмендетеді), операциялық шығыстарды арттырады және клиенттердің уақытын үнемдейді.

Алайда, сұралған кейбір жүк жөнелтушілердің жүк тасымалының сапасына көңілдері толмайды. Бұған дейін атап өтілгендей, жүк жөнелтуші жауапкершілігі шектеулі серіктестік өкілдерімен, жеке кәсіпкерлермен, шаруа қожалығы иелерімен кездесулер болды. Олардың кейбіреулері вагондар мен платформалардың сапасына, жүктің жеткізілу мерзіміне шағымдарын білдірді. Ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар жүк жөнелтушілер вагондардың негізінен дәнді дақылдарға, бидай өнімдерін тасымалдауға бөлінетінін, ал көкөніс, жеміс дақылдарына вагондар табудың қиын екенін жеткізді.
Аталған саланың жұмысына баға беру Сіздердің еншілеріңізде. Дегенмен,өз құқыңызды қорғау үшін тиісті іс-әрекеттерді дер кезінде қолдану керек.

Осы бағыттағы сыбайлас жемқорлық және өзге де құқықбұзушылық деректеріне куә болған жағдайда 1424 Call-орталығына немесе +7 707 210 1424 телефон нөміріне хабарласу қажеттігін хабарлаймыз!

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР