БЕРІК УӘЛИ: ҚАЗАҚСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІ БОЛУЫ КЕРЕК

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Бүгін әлемнің көптеген елдерінде ӘКЕ күні. АҚШ, Мексика, Канада, Ресей, Украина т.б мемлекеттер бұл мерекені ресми түрде атап өтеді. Көптеген елдер отбасы институтындағы әкенің маңызын түсіне бастағандай. Біздің елімізде де ӘКЕЛЕРІМІЗГЕ арналған атаулы күн болғаны жөн деп ойлаймын.
Себебі, дәстүрлі қазақ қоғамында ӘКЕ иниститутының орыны ерекше болған. Ұлттық тәрбиенің қайнар көзінен қуат алған қазақ баласы үшін шын мәнінде “Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ”.
Жиырмасыншы ғасыр басында көтерілген “әйел теңдігі” мәселесі демократия үшін көп игіліктер әкелгенімен, оның дәстүрлі ұлттық таным мен түсінікке, қазақы тәрбие негізінінің бүлінуіне әкеп соқты. Совет идеологиясы әке мен ананы қоса әспеттеудің орнына, әке иниститутын ығыстырып шығарды. Бірақ, қазақтың ұлттық иммунитеті оған сырттай келіскенімен, іштей жол бермеді.
Біз әкелерімізді ардақтап өстік. Өзім де Аллаға шүкір, көп балалы әкемін. “Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер”, “Жақсы әкенің аты жаман балаға қырық жыл азық”, “Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі, өзіне келер ұятты, өзі біліп тұрса игі” деген мақалдар тегін шықпаса керек.
“Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің”. Әкелерімізді ардақтағаннан жаман болмаспыз. Бұл әкенің де ұрпақ пен ел алдындағы жауапкершілігін әрі абыройын арттырады деп ойлаймын.
Алаштың алтын діңгегі әкелер аман болсын!

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР