АЙЛАСЫН АСЫРА АЛМАДЫ

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Түзеу орнының темірдей тәртібін бұзбақ болған тараздық тұрғынның ісі әшкере болды. Бұл туралы түзеу мекемесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, “Тараз24” хабарлайды.

Айласын асыруға ниеттенген ер азамат ЖД-158/7 мекемесінің ішкі күзет аумағына белгісіз орамды лақтыру мақсатында түрме маңын торуылдау барасында күдікке ілінеді. Барболов көшесі бойын жағалап, түрме маңында өзіне тиесілі затын түсіріп алған кейіп танытады.

Мекеме қызметкерлерінің жедел бақылау жұмыстары барысында көп ұзамай зәулім қоршауды асыра ораманы лақтырады. Ізін суытуға асыққан күдікті құрықталды. Оқиға орнына Тараз қалалық Полиция басқармасы 1-Полиция бөлімшесінің тергеу-жедел тобы шақырылып, күмәнді затты ашу барысында «скотчпен» маталған Nokia смартфоны тәркіленді.

Анықталғандай, әкімшілік құқықбұзушылыққа барған Тараз қаласының тұрғыны. 40 жас тағы ер азамат бұрын сотталмаған.  Қазіргі таңда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 481 бабына сәйкес іс сотқа жолдану үшін құжаттар рәсімделуде.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Жамбыл алаңдық алаңы

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ НАЗАРДА

Тұрғын-үйлердегі жөндеу жұмыстары «Жамбыл адалдық алаңы» ЖО назарында. Бұл туралы

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР