ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫН ҚАДАҒАЛАЙТЫН ЖЕДЕЛ ТОП ҚҰРЫЛДЫ

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

2020 жылдың 7 шілде күні Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбековтың қатысуымен облыста жедел топ құрылды. Жедел топтың мақсаты дәрі-дәрмектер мен дәрі-дәрмектердің жасанды түрде жетіспеушілігі, дәрі-дәрмектердің қымбаттауын болдырмау болып табылады.

Аталған топ құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті , Қ.Р Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен кауіпсіздігін бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті , Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу Департаменті , Жамбыл облысы бойынша полиция департаменті, Жамбыл облысы бойынша кірістер басқармасы, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, «Жамбыл – адалдық алаңы» ЖО қызметкерлері кірді.

Жедел топ жұмысын сол күні Тараз қаласы Талас көшесінде орналасқан дәріханаға зерделеу жұмыстарын жүргізуден бастады. Зерделеу барысында біршама кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда бағаны белгіленген бағадан асыра сату, дәрі дәрмектерді рецептісіз жіберу сондай-ақ тыйым салынған дәрілерді сату фактілері анықталды.

Сондай-ақ дәрі дәрмектердің жағдайын зерделеу бойынша құрылған топ жасаған рейд нәтижесінде 170 теңге тұратын Цеф3 антибиотикті Тараз қаласының 7 ықшам ауданында 30 ампуланы, әр қайсысын 1500 теңгеге саудалап жатқан жерінен А.Б.Б есімді азамат ұсталды.
Дәрі дәрмектер тәркіленіп, жинақталған материал шара қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілді.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Жамбыл алаңдық алаңы

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ НАЗАРДА

Тұрғын-үйлердегі жөндеу жұмыстары «Жамбыл адалдық алаңы» ЖО назарында. Бұл туралы

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР