ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНА КОРОНАВИРУС ПЕН ПНЕВМОНИЯҒА ҚАРСЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ҮЛКЕН ПАРТИЯСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Жамбыл облысында коронавирус пен пневмонияны емдеуге қолданылатын дәрі-дәрмектердің тапшылығы мәселесі шешілуде. Бұл мәселе облыс басшылығының тұрақты назарында, деп хабарлайды “TARAZ24” ақпараттық интернет арнасы облыс әкімінің баспаөз қызметіне сілтеме жасап.

Айталық, облыстық денсаулық сақтау басқармасы «СК-Фармация» ЖШС-нің өңірдегі өкілдігімен бірлесіп, жетіспеушілігі туындап отырған дәрі-дәрмектер бойынша өтінім жіберген. Нәтижесінде,

9-11 шілде аралығында 98 миллион 383 мың теңгеге дәрі-дәрмектердің ауқымды партиясы жеткізілді. Олар пневмония және COVID-19 вириусын емдеуге арналған.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов атап өткендей, препараттар облыстық ауруханаларға үлестірілген. Қазіргі таңда дәрі-дәрмектер аудандық медициналық мекемелерге жіберілуде.

Жеткізілген дәрі-дәрмектердің қатарында антибиотиктер (1300 ампула), антикоагулянттар (2585 ампула), витаминдер (45,170 ампула), дексаметазон (1850 ампула) бар.

– Бұдан бөлек, бірер күнде дәрі-дәрмектердің жаңа жеткізілімі күтіліп отырғанын айтқым келеді. Біз 700 миллион теңгеге қосымша өтініш жібердік, – дейді Марат Жұманқұлов.

Оның айтуынша, дәрі-дәрмектер дәріханаларға да жеткізілмек.

– Ірі дәрі-дәрмек жеткізушілерімен тауарларды уақтылы жеткізіп отыру бойынша келісімшарттар жасалған. Мәселен, бүгінде «Әмір және Д» дәріханаларына 100 миллион теңгеден астам қаржыға дәрі-дәрмектер әкелінген, – деді М. Жұманқұлов.

Басқа дәріханалар да қажетті препараттармен қамтамасыз етілетін болады. Осылайша, дәрі-дәрмек тапшылығы мәселесі оң  шешімін табуда.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Жамбыл алаңдық алаңы

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ НАЗАРДА

Тұрғын-үйлердегі жөндеу жұмыстары «Жамбыл адалдық алаңы» ЖО назарында. Бұл туралы

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР