ТАРАЗДА ТАМЫЗ АЙЫНАН БАСТАП ЫСТЫҚ СУ БЕРІЛЕДІ

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 17 жобаға 1,8 млрд. теңге бөлінді.

Соның ішінде, Тараз қаласы бойынша 7 жоба іске асырылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Тараз қаласында ыстық суды беруді жандандыру туралы» тақырыбында өткен онлайн баспасөз конференциясында айтылды,- деп хабарлайды “TARAZ24” ақпараттық интернет арнасы.

“Бүгінгі күнге, ағымдағы жөндеуді қажет ететін 14 436 метр жылу желілерінің 70 % демонтаждалып, 60 % монтаждалды. Қайта жаңартуды қажет ететін 4269 метр жылу жүйелерінің 44 % демонтаждалып, 20 % монтаждалды. Ауыстыруды қажет ететін 2 қазандық толық демонтаждалып, жаңа қазандықтарға тапсырыс берілген”, – деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Асхат Қамқабайұлы Есеналиев

Бүгінгі таңда, барлық 17 аудандағы жұмыстарды барысы қатаң қадағалануда, арнайы техника және жұмысшылардың саны көбейтіліп, жалпы жұмыстарды 2 аптаның ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Қорытындысымен, тұрғын үйлер кезең-кезеңімен ыстық суға қосылатын болады.

“Сонымен қатар, қала тұрғындарына тамыз айынан бастап ыстық су беру үшін РК-4 аудандық қазандығын қосу бойынша шешім қабылданды. Қәзіргі таңда, аталған қазандықта 3 ауысымдық режимде жұмыстар жүргізілуде.Нәтижесінде,612 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су беріледі (жалпы 912 үй, соның 67%)”, – деп атап өтті спикер.

Жылу желілерін ауыстыруды аяқтағаннан кейін, Айтиев Байзақ батыр, Балуан шолақ көшелері бойынша жолды қалпына келтіру, асфальт төсенішін төсеу және абаттандыру жұмыстары «АрайСтройМаркет» ЖШС тарапынан жүргізілетін болады.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Жамбыл алаңдық алаңы

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ НАЗАРДА

Тұрғын-үйлердегі жөндеу жұмыстары «Жамбыл адалдық алаңы» ЖО назарында. Бұл туралы

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР