ШУДА БИТУМ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Шу қаласында орналасқан «Standart Construction» ЖШС қыркүйектен бастап қызу жұмысты бастайтындығын айтып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Календеров өзінің Facebook парақшасына жазды,- деп хабарлайды “TARAZ24” ақпараттық интернет арнасы.

“Бұл битум шығаратын зауыттың қуаттылығы сол айына МЕРК 60-90, МГО 70-120 маркалы 15 000 куб битум өнімін өндіреді. Гудроннан жол тұтқыр мұнай (БНД) 60/90 битум маркасы шығару үшін, квота арқылы 100 мың тонна гудрон С 20/40 алуды қажет етеді. Ресейден Уфа қаласына Сұйық битумға 2000 тоннаға тапсырыс берген. Қазіргі таңда «Қазтрансгаз Аймақ» Жамбыл өндірістік филиалымен газ жүйесі тартылуда. Газ іске қосылса аталған зауыт аудандағы мердігерлермен жұмыс жүргізеді. Құны 2,0 млрд. теңгені құрайтын жоба жүзеге асатын болса 70 адам жұмыспен қамтылады деп көзделуде. Өңірдегі өнеркәсіпті өрге бастыратын жобаларды әрқашан қолдап, көмектесуге дайын екендігімді жеткіздім. Сонымен қатар аудандағы тозығы жеткен ғимараттарды іріктеп, жөндеуге жарамдыларын мекемелерге беру қажеттігін тапсырдым. Бұл жұмыстар ауданның ажарын ашып, мекеме қызметкерлерінің дұрыс жұмыс жасауына мүмкіншілік туғызады”,- деді Нұржан Календеров.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Жамбыл алаңдық алаңы

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ НАЗАРДА

Тұрғын-үйлердегі жөндеу жұмыстары «Жамбыл адалдық алаңы» ЖО назарында. Бұл туралы

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР