ШУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТКІЗДІ

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Аудан әкімі Нұржан Календеров фейсбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей байланысқа шығып, тұрғындардың сауалына жауап берді. Әлеуметтік желінің тікелей эфирін тиімді пайдаланған әкім «Жаһанды жаулаған жұқпалы індеттің алдын алу үшін елде енгізілген карантин салдарынан тұрғындарды тікелей қабылдау мүмкін болмай тұр. Коммуникацияның осы бір мүмкіндігін тиімді пайдаланып, онлайн кездесулер карантиндік шектеулердің қолданылу мерзімінің соңына дейін жалғасады» деп мәлімдеді. Бүгінгі эфирге аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Мұрат Аханов та қатысып, індетпен күрес бойынша аудандағы ахуалға тоқталды. Сондай-ақ, әкімге тікелей байланыс барысында әлеуметтік сипаттағы сумен қамтамасыз ету, жол жөндеу, қаланы абаттандыру мәселелерін көтерген азаматтар да өз пікірлерін білдірді. Технологияның жаңашыл мүкіндігін пайдаланып арнайы уақыт бөліп, тұрғындардың сауалдары мен өтініштеріне құлақ түрген аудан басшысына алғыс білдіргендер де болды. Нұржан Календеров өз кезегінде әр сауалға толыққанды жауап беріп, аймақта індеттің алдын алу жұмыстары уақытылы жүргізіліп жатқандықтан алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді. Аудан әкімі онлайн сұқбатты қорытындылай келе өңір тұрғындарына амандық тілеп, кеш түскен сауалдар да жауапсыз қалмайтындығын жеткізді.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Жамбыл алаңдық алаңы

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ НАЗАРДА

Тұрғын-үйлердегі жөндеу жұмыстары «Жамбыл адалдық алаңы» ЖО назарында. Бұл туралы

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР