СОЗЫЛМАЛЫ ЖҮРЕК ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ АУРУЫН ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ!

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Жүректің асқынған ауруларының нәтижесі  көп жағдайда созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғады, онда жүрек жасушалары (кардиомиоциттер) өліп, жүрек бұлшықеті (миокард) әлсірейді, нашарлап қысқарады және созылып кетеді, қанның жеткілікті көлемін асыра алмайды, нәтижесінде органдар мен тіндердің оттегі мен қоректік заттардың жетіспеушілігі пайда болады.
Әлемде шамамен 6,5 миллион адам созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен зардап шегеді. Жыл сайын бұл аурудың 960 000 жаңа оқиғалары тіркелуде. Бүгінде  бұл аурумен шамамен 26 миллион адам зардап шегеді екен.
Бүгінде созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеудің ең тиімді әдісі – ол шектеулі жүрек трансплантациясы.
Осыған байланысты, созылмалы жүрек жеткіліксіздігін емдеудің балама әдістері жасушалық терапия, яғни діңгек жасушаларды қолдану арқылы емдеу. Діңгек жасушаларын қолдану регенеративті медицина саласына жатады және органның жоғалған қызметін қалпына келтіруге бағытталған.
Діңгек жасушалары – бұл біздің денеміздің барлық жасушалары мен тіндерінің ізашарлары болып саналады.
Қартаю, ауыр аурулар немесе зиянды әдеттердің (темекі шегу және алкогольді пайдалану) салдарынан діңгек жасушалары қорының сарқылуы ағзаны өзін-өзі қалпына келтіру мүмкіндігінен айырады. Осыған байланысты қандай да бір органдардың жұмыс істеуі бұзылуы мүмкін.
Адамның діңгек жасушаларының бірнеше көздері бар: сүйек кемігі, май тіні, перифериялық қан, кіндік қаны (кіндік қанының дің жасушаларын алу тек бала туылған кезде ғана жасалады) және кіндік тіні.
Адамның діңгек жасушалары шартты түрде гемопоэздік және мезенхималық болып бөлінеді.
Гемопоэздік қан түзетін діңгек жасушалары иммунитетті анықтайтын, оттегіні тасымалдайтын инфекциялармен күресетін және қан ұю процестеріне қатысатын қан жасушаларының әртүрлілігін құрайды. Гемопоэздік діңгек жасушаларын клиникалық қолдану тарихы 60 жыл бұрын басталды, ал қазіргі кезде гемопоэздік діңгек жасушаларын трансплантациялау – гематологиялық, кейбір онкологиялық және бірқатар иммунологиялық және тұқым қуалайтын ауруларды емдеуде алғашқы таңдау әдісі.
Мезенхималық бағаналы жасушалар сүйек, шеміршек, дәнекер тіндерінің жасушаларына айнала алады және қан тамырларының элементтерін қалыптастырады. Осы тіндердің жоғалған элементтерін толықтырудан басқа, мезенхималық бағаналы жасушалар биологиялық белсенді заттардың үлкен жиынтығын синтездейді, олардың көмегімен жасушалардың басқа түрлерінің, иммундық жасушаларының мінез-құлқын өзгерте алады.
Мезенхималық бағаналы жасушаларының мұндай биологиялық функциялары оларды регенеративті медицина үшін қажетті көзі етіп жасады. Перспективалы нәтижелер тірек-қимыл аппаратының жарақаттары, жаралар мен күйіктер кезінде тіндерді қалпына келтіру үшін МСК қолданғанда, онкологиялық аурулар кезінде иесіне қарсы трансплантант реакциясының алдын алу және емдеу үшін, иммунопатологиялық процестерді, аяқ ишемиясын, жүрек-тамыр жүйесінің патологиясын, шеміршек тініндегі дегенеративті процестерді және тіпті реконструктивті стоматологияда емдеу кезінде алынған. Барлық клиникалық зерттеулердің нәтижелері бойынша МСК қолдану елеулі жанама әсерлердің пайда болуына әкелмейді.
Мезенхималық бағаналы жасушаларды алудың негізгі көздері – сүйек кемігі, май тіні және кіндік тіндері. МСК сүйек кемігі мен май тініне қарағанда, кіндік қуысының мезенхималық бағаналы жасушалары – сыртқы ортаның теріс факторларының әсеріне ұшырамаған, сондықтан жоғары функционалдық белсенділігі бар жас жасушалар болып табылады. Сонымен қатар, МСК кіндік сақталған жағдайда бұл жасушалар кез келген уақытта ерітіліп, басқа көздерден алынған жасушаларға қарағанда әлдеқайда жылдам қолданылуы мүмкін.​ ​
Бұл бағытта  “Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы” ЖШС-і  технологияларымен айналысатын жетекші халықаралық орталықтарымен және зертханаларымен (Ресей, Вьетнам, Қытай, Үндістан) тығыз байланыста.
2019 жылы “Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы” ЖШС-і шарт жасасты және GМР халықаралық стандарттарына жауап беретін және ISO 9001: 2015 бойынша аккредиттелген “Самар облыстық Династия медициналық орталығы” РФ мемлекеттік бюджеттік Денсаулық сақтау мекемесінің жасушалық технологиялар орталығынан кіндік қуысының мезенхималық бағаналы жасушаларын сатып алды.
2020 жылы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жергілікті этикалық комиссиясының мақұлдауымен клиникалық зерттеулер жүргізілді.  ​2020 жылдың наурызында Тараз қаласындағы “Кардиохирургия және трансплантология ғылыми клиникалық орталығы” ЖШС-і созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеудің жаңа әдісін – кіндік қуысының мезенхималық бағаналы жасушаларын енгізуді бастады.
2020 жылдың маусым айының басында жүректің жиырылу функциясының және пациенттердің өмір сүру сапасының жақсаруымен көрінетін осы емдеу әдісінің қауіпсіздігі мен тиімділігін көрсететін бастапқы нәтижелер алынды.
Емдеудің жаңа әдісін Тараз қаласының және Жамбыл облысының ишемиялық емес этиологиялы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылған тұрғындары ала алады.
Облыста жаңадан енгізілген бұл жұмысты “Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы” ЖШС-нің директоры, профессор Сейтхан Жошыбаевтың бастамасымен және оның қаржыландыруымен жүргізілуде.
“Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы” ЖШС-і жүректің түрлі ауруларына көмек көрсететін облыстық маңызы бар медициналық ұйым болып табылады, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуірінен бастап “2019-2022 жылдары созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерді жүргізу бойынша жол картасы” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша куратор болып тағайындалды.
Доктор Азходжаев Азиз Алтынұлы
дипломды маман, дәрігер-кардиохирург, докторант, кандидат “Регенеративті медицина қоғамының” РҚБ, жасушалық және гендік терапия жөніндегі халықаралық қоғамның (ISCT), діңгектік жасушаларды зерттеу жөніндегі халықаралық қоғамның (ISSCR) мүшесі.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Жамбыл алаңдық алаңы

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ НАЗАРДА

Тұрғын-үйлердегі жөндеу жұмыстары «Жамбыл адалдық алаңы» ЖО назарында. Бұл туралы

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР