Әлеуметтік қолдау – әркез назарда

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Облыс әкімінің бастамасымен басталған «Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу» топ мүшелері Бірлік ауылына ат басын бұрып, тұрғындармен кездесті. Оған облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ж.Н.Баубеков, облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Х.С.Мырзақасымов, облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарма басшысының орынбасары Ж.Н.Айтбеков, облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының бас маманы Е.К.Абдурахманов, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Қ.Таутен, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалының басқарма басшысы Б.Ж.Атабеков қатысты.
Алдымен, Жорабек Баубеков сөз кезегін алып, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысты сұрақтарға мардымды жауап беріп, жүйелі реформаларды жалғастырудың маңыздылығын айтып өтті. Сондай-ақ, білім беру, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мәселелері тұрғындар үшін аса маңызды болып отырғанын, мұның арғы жағында халықтың денсаулығы мен білімнің сапасы, тұрмысы мен тынысы туралы тоқталды.
Басқосудың сұрақ-жауап бөлігінде атаулы ауыл тұрғыны, көп балалы ана А.Джорбаева білім саласына біраз өзгерістер енгізіліп, онлайн сабақ уақытында емес, мектеп табалдырығында ағылшын, орыс тілдерін оқытса екен деген сұрағын қойды. Сонымен қатар, ауыл тұрғыны, ақсақал К.Исмаилов тұрғындардың жанайқайына айналған жарық пен мал шаруашылығы мәселелері бойынша көкейінде жүрген сұрағын қойды. Ал, топ мүшелері аталған сұрақтарға аудан басшылығымен бірлесіп, алдағы уақытта аталған мәселелер өз шешімін табылатындығын айтты.
Алтынай Абдраимова.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР