Еңбек еткеннің еңсесі биік

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Бүгінгі таңда еліміздің экономикасын алға қарай ілгерілету, соның ішінде агроөнеркәсіп кешенінің ең өзекті мәселесі-ауыл шаруашылығын дамыту, ауылдағы еңбек өнімділігін арттыру-мемлекеттің кезек күттірмес міндеттерінің бастысы болып тұр. Осыған орай ауыл шаруашылығы саласына айрықша көңіл бөлінуде. Ауылды жерлерде кәсіппен айналысу, кәсіпкерлікті дамыту-бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Бұл бағытта облысымызда бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр.


Әлеуеті үлкен, мүмкіндігі мол ауданымызға ат басын бұрып, бірнеше күннен бері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқан «Бейбітшілік және келісім» жобасының бір бағыты кәсіпкерлер мен шаруаларға арналды. Аптаның алғашқы күнінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаевтың, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инноваци ялық дамыту басқарма басшысының орынбасары Еркін Сәдуақасұлының қатысуымен жиын өтті.


Жиында «Ауылда бизнесті дамыту» тобының құрамындағы мүшелер мемлекеттік бағдарламалардың ауданда жүзеге асуына қандай ықпал жасау керектігін түсіндіріп, сондай-ақ аудандағы кенжелеп қалған, ақсап тұрған мәнді мәселелердің төңірегінде әңгіме өрбітті. Аудандағы кәсібін дөңгелетемін деген азаматтарға несие алудың жолдары түсіндірілді. Залға жиналған азаматтардың ұсыныстары да жіті бақылауға алынатын болады. Еңбектен береке тапқан ауылдағы ағайын тек тиімді бағдарламаларды ұтымды пайдаланып, ерінбей еңбек етсе ғана айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетін боламыз.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР