Тіл тұғырым – болашақ ғұмырым

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Қай уақытта да тіл әрбір ұлттың сарқылмас ұлы қазынасы, ұлт рухының ұйытқысы болып келген.  22 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күні, елімізді мекендейтін барша халық тілдерінің мерекесі. Атаулы  шараның да мақсаты – өскелең ұрпақтың тілдерді меңгеруі арқылы, ең алдымен ана тілге деген махаббаты мен ұлтжандылығын, патриотизмін дәріптеу болып табылады.

Осыған орай, Шу аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – тұғырым» атты аудандық өзге ұлт өкілдерінің мәнерлеп оқу байқауы өтті. Сайыс ережесіне сәйкес, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын және өзге де ақын, жазушылардың  тіл бағытындағы шығармаларын насихаттау қажет.  Оған  ауданымыздағы бірқатар ауылдық округтердің мектеп оқушылары қатысты.

Орындаушылардың өнерін бағалауға облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Р.С.Тұрмаханбетова, облыс әкімдігінің мәдениет және архивтер, құжаттама басқармасының бөлім басшысы А.О.Тажаяқов, облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Ж.Қ.Тұрлығұлова, ақпараттық-әдістемелік жұмыстар және мониторинг бөлімінің әдіскері Ж.Ж.Асанбаева, аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қ.Қ.Файзуллина, аудандық  мәдениет үйінің директоры Д.С.Аукешовтер  төрелік жасады.

Іс-шара барысында неміс, түрік және өзге ұлт өкілдері түрлі тілде өлеңдер, тақпақтар мен әндерді орындады.

-Тіл тағдыры – ел тағдыры. Осынау ұлы ұғымды өскелең ұрпақтың бойына сіңіре отырып, өзге тілді оқып-білуге деген қызығушылығы мен ұмтылыстарын арттыра түсіру қажет.  Сол арқылы өз тағдырын ел тағдырымен мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу – басты міндет,-дейді Рахия Тұрмаханбетова.

Әділқазылар алқасының шешімімен бас жүлде А.Файзуллина (Бірлікүстем ауылы) алса, бірінші орынды С.Жумали (Көктөбе ауылы) иеленді. Екінші орынды М.Г.Миришев (Жаңа жол ауылы), ал, үшінші орынды Л.Зайцева (Далақайнар ауылы) қанжығасына байлады.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР