АҚПАРАТТЫҚ ТОП АУДАН АҚСАҚАЛДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Бүгін Төле би ауылдық округі әкімінің жұмыс кабинетінде алыстан ат терлеріп келген ақпараттық топтың аудан ақсақалдарымен кездесуі өтті. Оған Жамбыл облыстық Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Жайлауұлы Омаров, облыстық «һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагелдиев, аудандық мешіттің имамы Аят Дыбысұлы қатысты.
Басқосуды Ж.Омаров ашып, дін мен дәстүрге қайшы көзқарас ұстанатын, қоғамға лаң салып, бүлік тудырып жүрген жат ағым өкілдерін табанды түрде даналық жолымен топтасуға күш салу, уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жұртымызды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақыру және қайырымдылық шараларды жиі өткізу секілді бірқатар маңызды мәселелерді қозғай келіп, бұл орайда халықпен жалғасқан көпір саналатын елге сыйлы ақсақалдардың, зиялы қауым өкілдерінің орын айрықша екенін атап өтті.
Мұнан кейін, Бейбіт Әліпбекұлы да сөйледі. Ол өз сөзінде: «Іргелі істердің ау-жайын қаузаған бүгінгі басқосуда осындай игі шаралардың барлығы да ел иглігі, жұрт тыныштығы үшін атқарылып отырғанын, асыл діннің аманатын ел мұратымен үндестіріп, халықа жеткізу басты міндет екенін ұмытпауымыз керек» деп сөзін қорытындылады. Сонымен қатар аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбдібек Орманов, Мұрат молда, Е. Рахымқұлұлы меймандарға сұрақ қойып, мардымды жауап алды.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР