Дінің тұрсын дін аман

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Бүгінгі алмағайып заманда бала тәрбиесінің нашарлауы, рухани құндылықтардың әлсіреуі, қоғамда жаман әрекет пен жат қылықтардың көрініс табуы тағы да басқа осы секілді келеңсіз жайттар жас ұрпақтың бүгінгі рухани және мәдени келбетін қалыптастыруға теріс әсер етіп жатыр. Діни басқарма мен мешіт имамдары осы бағытта жүйелі түрде жұмыс жасап, игі шараларды жүзеге асыруда.
Бүгін Шу аудандық мәдениет үйінде алыстан ат терлетіп келген «Дін мәселелері» жөніндегі пилоттық тобының мүшелері аудан мектеп ұстаздарымен кездесу өтті. Оған Жамбыл облыстық Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Жайлауұлы Омаров, Шымкент қалалық «Әл-Біләл» мешітінің имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы Қарақұлов, Републикалық «Ақниет» ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығының Нұр-Сұлтан қаласындағы теолог-консультантты Раят Кеңесбекұлы Рахымжан қатысты.


Кездесу аясында Р.Рахымжан «Зайырлы мемлекет және дін» деген тақырыпта баяндама жасап, еліміздің зайырлы мемлекет екендігін және ондағы діннің орнын түсіндірсе, Е.Қарақұлов исламның дәстүрлі бағыттары туралы және лаңкестікке жол бермеу әрекеттерін, исламның дәстүрлі мәдениетінің маңызы жайында мағлұмат берді.
– Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: “Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі”, – деп ұлағатты сөз айтқан. Бұл жағдай адам, қоғам, мемлекет дамуының маңызды қырларын ашып көрсетеді. Сондықтан мемлекеттің жастарды тәрбиелеуге, тәні сау және рухани бай жастар ортасын қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлуі өте маңызды.-дейді Жангелді Жайлауұлы.


Жиналған жамағатқа өздеріне кез-келген әлеуметтік желілердегі дінді уағыздайтын сайттардың бар екені және оларға кіруге болмайтыны туралы да ескеріліп,қандай сайттың ресми, заңды екені жайлы мәліметтер алды.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР