Талас ауданының жылыту маусымына дайындық барысы қандай?

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Жалпы аудан аумағында 22 автономды негізгі қазандық бар, оның 19 қатты отынмен, 3 сұйық отынмен жылытылады.Қаратау қаласындағы орталық қазандық бойынша:

Жылыту желілері – 28,6 шақырымды, су желілері – 104 шақырымды және кәріз су желілері – 40 шақырымды құрайды.Газ шығыны орташа есеппен сағатына 3 800 м3, тәулігіне 91 200 м3.

Талас аудандық электр жүйесі бойынша барлығы Қаратау қаласымен қоса әуе желілері ВЛ-6-10кВ – 323 шақырым, ВЛ-0,4кВ – 421,235 шақырым, кабелдық желілер КЛ-04кВ – 20,411 шақырым, КЛ-6кВ – 38,242 шақырым, ТП, КТП-6-10/0,4кВ – 196 дананы құрайды. Электр қуаты бойынша апатты жағдайлар орын алған жоқ.Аудандағы ең ірі әлеуметтік саланың бірі аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты нысандарБілім бөліміне қарасты 58 нысанның: 35 мектеп (27 орта, 2 6 негізгі, бастауыш) 19 мектепке бөбекжай бақшалары, 3 мектептен тыс мекеме және 1 педагогикалық-психологиялық түзету кабинеті жұмыс атқарады. Аталған нысандардың жылу жүйесі бойынша 16 мекеме газбен, 3 мекеме дизель отынымен, 22 мекеме қатты отынмен (көмір) жылытылады. 3 мекеме («Ұлбике» б/б-Ә.Сағынтаев О/М, «Ақниет» б/б –Қойгелді О/М, «Балауса» б/б – А.Дәулетбеков О/М) мектеп ғимаратында орналасқан.

Орталықтандырылған жылу жүйесі

Жалпы білім беретін 35 мектептің, Қаратау қаласыдағы гимназия, лицей, 5 орта мектеп, 6 балабақша, 2 мектептен тыс мекеме, 1 коррекциялық түзету кабинеті орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған (барлығы 16 мекеме – 114 млн. 964 мың теңге).

  1. Балабқшаларға – 17 млн. 315 мың теңге;
  2. Мектептерге – 90 млн. 823 мың теңге;
  3. Мектептен тыс мекемелерге 6 млн. 826 мың теңге;

 Көгілдір отынмен (газ) жылытылатын жылу жүйесі

Газбен 14 мекеме (9 мектеп, 5 балабақша) жылытылады, 720,66 көлемде (м3) газ алуға 22 млн. 855 мың теңге қаржы бөлінді.

 Жылу қазандыққа қажетті сұйық отын (дизель)

Аудандағы 3 мектеп дизель отынымен жылытылады. Оларға қажетті 195 мың литр солярка алуға 32 млн. 175 мың теңге қаржы қаралды.

 Жылу қазандыққа қажетті қатты отын (көмір)

Барлығы 23 білім нысанына қажетті көмір 3170 тонна, оған 44 млн. 691 мың теңге қаржы бөлінді. Ашық конкурс рәсімімен «ДSЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанып, бүгінгі таңда барлық нысандарға 98 пайыз көмір жеткізілді.                16 мектепке 2 955 тонна көмірге 42 млн. 223 мың теңге, 5 балабақшаға 175 тонна көмірге 2 млн. 467 мың тенге, 1 мектептен тыс мекемеге 40 тонна көмірге 563 мың теңге.

Сонымен қатар, 5 мектептің жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 10 млн. 751 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары толық аяқталды.

1) Аққөл ауылы, Ы.Алтынсарин о/м – 4 млн. 875 мың теңге. Медігер ЖК «Баккараева Алка Балабековна» жұмыстар толық аяқталды.

2) Қаратау қаласы, А.С.Пушкин о/м – 1 млн. 120 мың теңге. Медігер ЖК «Ілияс» жұмыстар толық аяқталды.

3) Қаратау қаласы М.Әуезов о/м – 820 мың теңге. Медігер ЖК «Ілияс» жұмыстар толық аяқталды.

3) Қаратау қаласы, №1 Лицей о/м – 3 млн. 936 мың теңге. Медігер ЖК «Әдемі-ай» жұмыстар толық аяқталды.

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты нысандар бойынша:

Бөлімге қарасты  17 мәдениет нысандары қызмет атқарады. Оның ішінде Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы, 8 ауылдық мәдениет үйі, 7 ауылдық клубы және «Авангард» кино бейнелеу бөлімі кіреді.

17 мәдениет нысандарының ішіндегі орталық қазандықпен жылытылатыны «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығы. Орталық қазандықпен жылытуға 5 млн. 250 мың теңге бөлінді.

Газбен жылытылатын  7 мәдениет нысан (Авангард, Аққұм а.к, Бостандық, Сейілбек а.к, Тамды, Ойық, С.Шәкіров.) оған 2 млн. 625 мың теңге бөлінді.

Қатты отынмен жылытылатын – 9 мәдениет нысаны. (Ақкөл, Есейхан, Үшарал, Қызыләуіт, Қасқабұлақ, Бөлтірік, Қожағаппар, Майтөбе, Қараой.)

Жалпы жылыту маусымына 354 тонна көмір қажет. (мәдениетке –  270 тонна, кітапхана – 84 тонна)

Аталған көмір аудан әкімдігінің білім бөлімінен актімен қабылданды. Бүгінгі күнге нысандарға 90 пайыз көмір жеткізілді.

         Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде                      20 кітапхана қызмет атқарады. Оның ішіне орталықтандырылған кітапхана, балалар кітапханасы және 18 ауылдық кітапханалар кіреді.   20 кітапхананың ішіндегі аудандық орталықтандырылған кітапханасы және балалар кітапханасы орталықтандырылған жылу жүйесімен жылытылады.

Газбен жылытылатын – 6 кітапхана (Тамабек, Аққұм, Бостандық, Ойық, Тамды, Талапты) бір мекемеде орналасуына байланысты қаржы бөлінбейді.

Қатты отынмен жылытылатын – 6 кітапхана. (Көшек, Қызыләуіт, Бөлтірік, Қожағаппар, С.Шәкіров, Көктал,)

Бір қазандықпен жылытылатын – 6 кітапхана. (Үшарал, Есейхан Ақкөл, Майтөбе, Қасқабұлақ, Қараой).

Ағымдағы жылы Аққұм, С.Шәкіров, Қожағаппар ауылдық мәдениет ғимараттарына қазандық алуға 1 млн. 250 мың теңге бөлініп қазандық алынды.

Үшарал, Бөлтірік мәдениет клубтарына жылу жүйесін газға ауыстыру бойынша техникалық шарт алу жұмыстары жүргізілуде.

Майтөбе, Ақкөл, Бөлтірік, Есейхан, Қасқабұлақ, Қожағаппар ауылдық клубтарының қазандықтарын ғимараттан бөлу бойынша жобалық сметалық құжаттарды жасатуға аудандық бюджетке 4 млн. 400 мың теңге сұраныс жасалынды. Қаржы бөлу мәселесі қарастырылуда.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығына қарасты Қызыләуіт мәдениет үйі мен Қараой ауылдық клубының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған мәдениет үйлерінің қазандықтары сыртта орналасқан. Аяқталу мерзімі жоспар бойынша 2020 жылдың 30 қыркүйегінде. Мердігерлері «Бақ industry» және «Умара» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Жобаның жалпы соммасы 76 млн. 500 мың теңге (келісім шарт соммасы (Қызыләуіт – 49 млн. 761 мың тг, Қараой – 20 млн. 92 мың тг.).

 Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне

Бөлімге қарасты аудан бойынша 7 спорт мекемеcі бар. (4-уі Қаратау қаласында және Ақкөл, Бостандық, Ойық ауылдарында)

Оның ішінде «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені», «Талас ауданындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебі» және «Талас ауданындағы бокстан және ойын түрлерінен балалар жасөспірімдер спорт мектебі», «Жұлдыз» балалар жасөспірімдер аула және дене шынықтыру клубы» КММ-лері Қаратау қаласының орталық қазандық жылу жүйесімен жылытылады. Жылыту маусымына 9 млн. 166 теңге бөлінді. Оның ішінде:

– «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» – 3 млн. 486 мың теңге;

– «Талас ауданындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебі» – 2 млн. 200 мың теңге;

– «Талас ауданындағы бокстан және ойын түрлерінен балалар жасөспірімдер спорт мектебі» – 3 млн. теңге;

– «Жұлдыз» балалар жасөспірімдер аула және дене шынықтыру клубы» –              480 мың теңге;

Ауылдық округтерде орналасқан Ақкөл ауылындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебі және Бостандық ауылындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебінің қазандықтары қатты отынмен (көмір) жылытылады.

Ал, «Ойық ауылындағы балалар мен жасөспірімдер аула және дене шынықтыру спорт клубы» мекемесі ауылдық округтегі мәдениет үйінің мекемесінде орналасқан, табиғи газбен жылытылады (жылыту маусымына қаржы қажет етпейді).

Ауылдық округтерде қатты отынмен (көмір) жылытылатын қазандықтарға биылғы жылы жалпы 295 тонна көмір қажет.

Бостандық ауылындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебіне 1 млн. 910 мың теңгеге бөлініп, 138 тонна көмір жеткізілді.

Ақкөл ауылындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебіне түсірілген 160 тонна көмірдің 80 тоннасы Үшарал ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешеніне берілді.

Казіргі кезде, Ақкөл ауылындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебіне жалпы құны 929 мың теңгеге 80 тонна көмір (Шұбаркөл көмірі) сатып алу үшін ЖК «Меди-Нұр»-мен 20.07.2020 жылғы №19 келісім шарт жасалынып, көмір жеткізіледі.

Сонымен қатар, Ақкөл ауылындағы балалар жасөспірімдер спорт мектебінің қазандығын автономды блок модулді қазандыққа ауыстыру үшін 2020 жылы облыстық бюджеттен 14 млн. 990 мың теңге бөлінді.

Мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде 14 млн. 560 мың теңгеге «Өрт-Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алып, қазандықты толық орнатты.

 Талас аудандық орталық ауруханаға қарасты нысандар бойынша

2020-2021 жылдардағы қысқы жылыту маусымына 605 тонна көмір отынын сатып алуға сомасы – 11 млн. 191 мың теңге бөлініп, 12.06.2020 жылы ЖК “VVP COMPANY” №153 келісім шарт жасалынып, тас көмір ауылдық округтердегі нысандарға тасмалдануда.

 Қаратау қаласының тұрғын үй қоры бойынша Қаратау қаласында тұрғын үй қорында 146 шағын және көпқабатты тұрғын үйлер жылумен толық қамтамасыз етілген. Оның ішіндегі:

– екі қабаттысы           – 84,

– үш қабаттысы           – 2,

– төрт қабаттысы        – 18,

– бес қабаттысы          – 40,

– тоғыз қабаттысы      – 2 үй.

146 шағын және көпқабатты тұрғын үйдің ішінде 130 үйде кондоминиум құрылып тіркелген, (3 м/а № 43, 50, 49, 51, 5 м/а 54, 51,52,55 үйлер және Ақшораев к. №1а үй, Б.Момышұлы к. №8 үй) коммуналдық меншікте. Жоғарыда көрсетілген үйлер орталық жылыту қазандықтан жылу алады.

2020 жылға 3 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 3 үйге жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалды.

Атап айтқанда:

  1. Б.Момышұлы №9 үй;
  2. Ә.Молдағұлова №25 үй;
  3. 3 м/а №20 үй.

15.09.2020 жылға қайтарым қаражат көрсеткіші 75,07%-ды құрап отыр.

22.08.2020 жылы қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған мекемелерге жылу маусымына толық тазалау, шаю жұмыстары бойынша өткізілді.

Нәтижесінде 9 шағын және көпқабатты тұрғын үйлерден ақаулары анықталып, қазіргі кезде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шаю жұмыстары (опрессовка) 19.09.2020 жылы қайта  жасалынады.

Бүгінгі күнге 146 шағын және көпқабатты тұрғын үйдің 137 үй қысқы жылыту маусымына толық дайын. 93 пайыз.

Проблемалық көпқабатты тұрғын үйлер

Ә.Молдағұлова көшесі №53, 57, 59 үйлер

3 мөлтек ауданы №20, 25, 37, 48

Б.Момышұлы көшесі №9 Санырақ батыр көшесі №3

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР