Талапты бұзған кәсіпкерлер айыппұл арқалайды

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің Б.Сапарбаевтың төрағалығымен «Covid-2019» коронавирустық инфекциясының таралуының алдын-алу және карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі облыстық штаб отырысы өтіп, онда індеттің алдын алуға байланысты бірқатар тапсырмалар берілді. Осы мақсатта бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозовтың төрағалығымен аудандық мобильді топтың кезекті отырысы өтті.
Жиынға аудандық полиция бөлімінің басшысы М.Ережепов, аудандық мобильді топ мүшелері, аудандағы ірі сауда орындары мен тойханалардың иелері шақырылды. Жиын аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Қордай ауданы бойынша коронавирусты инфекцияның екінші толқынының алдын алу және эпидемияға қарсы жұмыстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап өтті. Сонымен қатар, Қордай аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Г. Нұрмаханбетова 2020 жылдың 17 қыркүйек күнгі Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің облыс аумағында шекте іс-шараларын кезең-кезеңімен әлсірету туралы қаулысымен таныстырды. Кәсіпкерлерге қаулының талаптарына сәйкес той жиындарды өткізбеу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жалпы аудан бойынша коранавирусты инфекциясының пайда болуы мен оның таратылуына жол бермеу негізінде барлығы 176 нысан тунель және пирометрмен қамтамасыз етілген.
Қордай ауданы бойынша 514 дүкен, 38 дәріхана, 52 шаштараз, 75 кафе, 23 қонақүйлер, 4 базар т.б. нысандар дайындығы толық тексеріліп, нәтижесінде санитайзер, бір рет қолданылатын бетперделер, бір рет қолданылатын қолғаптар, антисептиктермен залалсыздандыру құралдарына қамтамасыз етілу қадағалануда.
Жергілікті баспа басылымдарда коронавирус инфекциясының алдын-алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы 2000 дана жаднама дайындалып, аудан тұрғындарына таратылуда.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР