Шу ауданында футбол алаңы ашылды

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Шу ауданы Қонаев ауылы Төле би атындағы орта мектебінің жанынан көптен күткен жаңа заман талабына сай заманауй үлгідегі футбол алаңы ашылды.

Егемен еліміздің бірлігі мен берекесін нығайтуда игілікті істерімен тәуелсіз Қазақстанды құру жолында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасының “Туған жер” арнайы жобасы аясында, “Tulek KZ “жобасы бойынша мектеп түлектерінің салауатты өмір салтын насихаттау, дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында мектеп ауласынан – 7млн 700 мыңға 30х50 шаршы көлемінде мектеп оқушыларымен спорт сүйер ауыл жастарына арнап мектебіміздің әр жылдарындағы түлектері демеушілік жасап, футбол алаңын салып берді.


Мектепте 1264 оқушы білім алады. Осы алаңның салынуына ұйытқы болып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізген дене шынықтыру пән бірлестігі. Жетекшісі Қ. Н. Жылқыбаев. Заманауй үлгідегі футбол алаңының ашылу рәсімінде Шу ауданы әкімінің орынбасары- А.Ә.Балқыбеков, мәслихат хатшысы- Е.К.Өмірәлиев, білім бөлімінің басшысы – М.К.Жинақбаева, түрік этно-мәдени орталығының төрағасы- Б.И. Тагиров, ақсақалдар кеңесінің төрағасы – Б.Досымбеков сөз сөйлеп, жібек бауын қиды. Қолдау көрсеткен түлектерге, ауыл жастарына ауыл әкімінің алғыс хаттарымен марапатталса, мектеп ұстаздары
білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.
Алдағы уақыттат“Түлек KZ “жобасы бойынша жұмыстар жалғасын табады …

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР