Меркілік әлеуметтің мәселесін министрлік тыңдады

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Меркі ауданына жұмыс сапарымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Нұрланова Айжани Адайқызы мен Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Мейрманов Ғалижан Сабитұлы арнайы келіп аудан халқының тұрмыс жағдайымен танысты.


«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы ғимаратында Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Онда несие мен грант алу, өзін өзі жұмыспен қамту арқылы табыс табу арқылы әлеуметтік тұрмысты көтеру, т.б мемлекеттік қолдаулар туралы әңгіме қозғалды.


Бұдан соң Ақтоған ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, толғандырған мәселелерін тыңдады. №4 Тілеміс батыр атындағы мектепті аралады. Кездесулер барысында Заңды кеңестер беріп, қиындық тудырған мәселелерінің шешу жолдары бойынша бағыт-бағдар берді.
Осы ауылдық округі тұрғыны, жеке кәсіпкер, аудандық мәсихат депутаты Нұрлан Сейсенбаев көп жылдардан бері шағын кәсіпкерлікпен айналысуда. Ол өзінің 20 сотық жерінде тауық, асыл тұқымды қой-ешкі баптап, жылыжай шаруасымен, монша кәсіптерімен айналысып келеді. Сонымен қатар, пластик есік терезе жасауды да қолға алған. Айжани Адайқызы кәсіпкердің жұмысымен танысып, көпке үлгі болар азамат екенін атап өтті.


Келесі кезекте арнайы келген жұмысшы топ осы ауылда асарлатып салынып жатқан баспана құрылысымен, Меркі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, балаларды оңалту, бейімдеу орталығы жұмыстарын көрді. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар аясында бой көтерген Меркі ауылдық округіндегі балалар ойын алаңшасы құрылысымен танысты.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР