Ережені елемегендер айыппұл арқалады

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Елімізде жұқпалы індеттің таралуына жол бермеу үшін сақтық шаралары күшейтілуде. Осыған орай облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №38 арнайы қаулысы енгізілген болатын. Аталған қаулыны елдің қаперіне салып, індеттің алдын алу үшін ауданда 5 мониторингтік топ жұмыс жасайды. Аудан әкімінің қаулысымен құрылған топтың құрамында полиция бөлімінің қызметкерлері мен әкімдікке қарасты бөлім басшылары бар.

Бүгінде рейдттік шаралардың нәтижесінде аудандағы 159 нысанға барлау жұмыстары жүргізіліп, 10 адамға айыппұл салынды. Оның 1 кәсіпкерлік нысан, 9 санитарлық талапты сақтамаған жеке тұлғалар. Анығырақ айтқанда мейрамхана иесіне 638 мың 940 теңге, 9 жеке тұлғаның әр қайсысы 83340 теңгеден айыппұл арқалады. Ендігі кезекте рейдттік жұмыстар күшейтілмесе мұнымен тоқтамайды,-дейді топ мүшелері. Құрметті тұрғындар саулық сақтықта екенін ескерейік. Топтың жұмысы түнгі уақытта да жалғасатын болады. Тексеру кезінде атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым деп қашқан бауырсақша бой бермеймін деп жүріп, түлкіге жем болғандай түрлі тәсілмен жұғатын індеттің ілмегіне ілініп қалмаңыздар, тұрғындар! Тәртіпке бағынғаныңыз отбасыңызды ойлағаныңыз!

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР