Шулық құтқарушылар марапатталды!

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында төтенше жағдайлардың алдын алу, жою, құтқару жұмысындағы адал қызметтері үшін және Төтенше жағдайлар қызметкерлері кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Нұржан Календеров құтқарушы қызметкерлерін құттықтап, «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хат» табыс етті. –Төтеннен келген апаттарда тайсалмай қызмет атқарып келген сіздердің еңбектеріңіз орасан. Ел алдында құрметке иесіздер. Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтап, амандық тілеймін,-деді Нұржан Сәбитұлы. Сондай-ақ, аудандық мәслихат хатшысының Құрмет грамотасымен марапатталған Жасұлан Әбенов қызметкерлерді мерекемен құттықтап, отбасыларына мандық тіледі.


Алғысқа кенелген қызметкерлердің қатарында төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Ж.Есқараев, қалалық №5 Өрт сөндіру бөлімше командирі Р.Туйтеев, Төле би ауылы №19 өрт сөндіру бекетінің жүргізуші қызметкері А.Төлеуов бар.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР