«ҮЛГІЛІ АУЫЛ» АНЫҚТАЛАТЫН КҮН АЛЫС ЕМЕС

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы жарияланғаны белгілі. Байқаудың талабы жоғары. Мақсат – ауылға қатысты барлық мәселелерді саралап, олардың шын мәніндегі үлгілісін анықтау. Бұл – жүрдім – бардым қарайтын іс емес. Байқауда ауылдың экономикасының өсуі, тұрғындардың ынтымағы, жас ұрпақтың білімі, бұқаралық спорттың дамуы, тәртібі, мәдениеті, тазалығы, жұмыссыздықтың аздығы, ауыл ақсақалдарының белсенділігі, ауыл аналарының салт – дәстүр бойынша ұрпаққа үйретер өнегесі, ауыл азаматтарының ішімдіктен аулақ болуы, бос уақыттарын тиімді пайдалануы бәрі – бәрі назарға алынады. Байқауға барлық аудандар бойынша 13 ауыл қатысып жатыр. Енді бұл байқаудың қортындысын шығаратын күн жақындады. Сондықтан, облыстық жұмысшы тобы ( жетекшісі – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев) «Үлгілі ауыл» жұмыстарын толық зерделеу үшін жолға шықты. Комиссия құрамында облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Масат Берік, бірнеше басқарма мен облыстық қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.
Жұмысшы тобы ең әуелі Байзақ ауданы, Ынтымақ ауылдық округінің Мәдімар ауылында болды. Бұл ауылдың 2002 тұрғыны бар. Ш.Уәлиханов атындағы орта меткебінде 402 оқушы білім алса, ауылдың клубы да заман талабына сай. Ал «Балдәурен» балабақшасында 50 бүлдіршін тәрбиеленуде. Клуб меңгерушісі Азамат Нұрлановтың айтуынша мұнда бірнеше үйірмелер жұмыс істейді. Жаңа бой көтерген мешіттің де имандылықтың ордасы болатыны анық. Облыстық жұмысшы тобы әуелі төрт топқа бөлініп, ауыл жұмысына сала – сала бойынша бүге – шүгесіне дейін саралап, талдау жүргізді.
Содан кейін Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дәуіт Дәулеттің басқаруымен ауылдық клубта қорытынды жиын өтіп, Ынтымақ ауылдық округінің әкімі Мейірбек Ноғаевтың баяндамасы тыңдалды. Округ әкімі атқарылып жатқан игі істерді сүт бетіндегі қаймақтай қалқытып көрсете білді. Атап айтқанда, Мәдімар ауылында «Даңқ» кешені, Мәдімар болыс ескерткіші, еңбек ардагерлері аллеясы, алғашқы механизаторлар аллеясы бар.
Ауыл тұрғындарына қолдау көрсетілуде. 2020 жылдың тоғыз айында 31 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алған. Ақылы қоғамдық жұмысқа 17 адам, «Жастар практикасына» 1 адам тартылды. Тұрмысы төмен 7 отбасы қайтарымсыз 555 6 00 теңгеден қаржы беріліп, олар өз кәсіптерін ашыпты.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында бизнесті оқып серификат алып, бүгінгі күнге «Еңбек» бағдарламасымен 5 адам несие алса, қайтарымсыз 555 мың 600 теңге грантқа 15 адам қол жеткізген. Сонымен қатар, ауылдағы жалғызбасты Камила Балатаеваның үйіне шаруа қожалықтарының демеушілігімен 370 000 теңгеге табиғи газ кіргізіп берді. Тұрмысы төмен 120 отбасыға азық-түлік,киім-кешек және басқада тұрмыстық заттар тұрақты түрде беріліп отыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдараламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында «Асарлатып үй салу» жобасы қолға алынып, Мәдімар ауылының тұрғыны,жалғызбасты 4 бала тәрбиелеп отырған ана Ғалия Құрмановаға 4 бөлмелі тұрғын үй салынып облыс бойынша алғашқы тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауылдастары оның қорасына бір сиыр, бірнеше қой да жинап берді. Ауылда ажырасу фактісі жоқ. Мәдімарда бокс, футбол, волейбол, дзюдо спорттық үйірмелері жұмыс істейді. 2019 жылы 11 қылмыс тіркелсе, биылғы тоғыз айда 3 қылмыс ғана орын алған. 84 шару қожалықтың 70-і тұрақты жұмыс істейді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, тірлігін дамытқандар да баршылық.
Жұмысшы тобы осы жұмыстарды ескере келіп, Мәдімар ауылындағы жұмыстарды оң бағалады.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР