Ауылдық мектеп директорлары да “Open space” форматына көшуде

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

Ауылдық мектеп директорлары да “Open space” форматына көшуде
Ағымдағы жылдың 28 желтоқсан күні Байзақ ауданы, Ақшолақ орта мектебінің директоры Н.Сейдахметов үлкен кабинетін босатып, “Open space” яғни ашық кеңістік форматындағы кабинетке көшті. Бұл өз кезегінде ата-аналар мен мектепке келуші ауыл тұрғындары үшін қолайлы әрі қолжетімділікті қамтамасыз етеді.


Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды тапсырған болатын. Осыған байланысты, Департамент мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, “Open Space” форматына көшіру және басшылар кабинеттерін әкімшілік ғимараттардың бірінші қабаттарына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Еске сала кетсек қазіргі таңда Жамбыл облысында 50 басшының кабиенеті “Open space” форматына ауысты. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасады.

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР