«Nur Otan» партиясы қарапайым тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруды мақсат етеді

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

«Nur Otan» партиясынан Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Әлімбек Жұмабаев Жуалы ауданында «Есіктен-есікке» акциясын өткізіп, аудан тұрғындарын партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасынан хабардар етті. Сондай-ақ тұрғындардың айтар уәжіне құлақ түріп, олар көтерген мәселелердің дені «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында өз шешімін табатындығын атап өтті.

  • Тұрғындардың көбі көтерген елді мекендерді газдандыру еліміздегі жетекші партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдығына жатады. Аталған бағдарлама арқылы «Nur Otan» партиясы Жуалы ауданымен бірге Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас аудандарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 582,7 шақырым болатын газ құбырын тартуға ықпал етеді. Биылдың өзінде облыс аумағындағы 21 елді мекенге газ құбыры жетіп, мыңдаған отбасы көгілдір отынға қол жеткізеді.

Сонымен бірге жергілікті жерде өртке қарсы күрес қызметті ұйымдастырудың тиімділігін арттыру үшін облыс көлемінде 13 өрт сөндіру бекеті іске қосылатын болса, оның біреуі Жуалы ауданында құрылатын болады.

Мұнан бөлек аз қамтылған және көпбалалы  отбасыларды қолдауға көрсету де  «Бақытты отбасы» деп аталатын партиялық жобасы  жанданады.  Қарапайым тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының лайықты жүзеге асырылуы үшін сіздерді алдағы сайлауда еліміздегі жетекші партияны қолдауға шақырамын, – деді үміткер.

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР