Nur Otan: Облыста шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 93,3 мыңға ұлғаяды

Share on facebook
Share on linkedin
Share on twitter
Share on email
Share on whatsapp

«Nur Otan» партиясынан Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Бахадыр Хасанбаев ZOOM платформасында шағын және орта бизнес өкілдерімен онлайн кездесу өткізіп, «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Кездесу барысында кандидат кәсіпті дамытуда партияның ықпалымен жүргізілген қолдау шаралары туралы сөз қозғады.

– Карантиндік шектеу шаралары аудан кәсіпкерлерінің жұмысына да өз әсерін тигізбей қоймады. Пандемия кезінде  өңірде  17,4 мың адам мәжбүрлі демалысқа жіберілді. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында аясында шағын бизнес субъектілері бастамаларын іске асыру үшін қайтарымсыз грантқа 171 миллион теңге бөлінді.  Төтенше жағдай кезінде несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізілді және зардап шеккен жеке кәсіпкерлер  мен шағын және орта бизнес өкілдерінің кредиттерінің мерзімі кейінге қалдырылды.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сай «Қарапайым заттар экономикасы» жоба аясында  жыл сайын 20 жоба қаржыландырылып, іске асырылады. Бұған қоса екінші деңгейлі банктердің, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «ҚазАгроҚаржы» «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 2,2 мыңнан аса жобаға несие беріледі. Бұл шаралар 2025 жылға қарай шағын және орта бизнес субьектілерінің санын 93,3 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 155,1 мың адамға өсетін болады, – деді кандидат.

Бағдарлама аясында ұсынылып отырған мүмкіндіктер кәсіпкерлердің көңілінен шығып, олар партияны қолдайтынын жеткізді.

 

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

ТАҒЫ ДА ҚАРАҢЫЗ

Соңғы материалдар

ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР